arasha.kz

Жаңаөзендегі жұмыссыз азаматтар билікке сенімсіздік білдіріп, көшеге шықты

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыз тұрғындар билікке сенімсіздік білдіріп, көшеге шығып, президент Тоқаевқа үндеу жасады.

«Біз, Жаңаөзеннің жұмыссыз тұрғындарының бір бөлігіміз! Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі әлі шешілген жоқ. Біз 2020 жылы Жаңаөзен қаласы әкімшілігі ұсынған тізім-схема әділетсіз жүріп жататыр. Сондықтан жұмыссыз азаматтаржы мұнай-газ саласына тұрақты жұмысқа орналастыруды талап етеміз»,-деді тұрғындар.

Қазіргі сәтте көшеге шыққан жұмыссыз тұрғындардың бір бөлігі тарап кеткенмен тағы бір бөлігі қала әкімшілік маңында тұр.

Қаңтар оқиғасы дәл осы Жаңаөзен қаласынан басталған еді. Қаңтар айының алғашқы күндері қала тұрғынндары газ бағасын арзандатуды талап етіп митингіге шыққан. Сол митингіні қолдау республикалының өзге қалаларында өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласып, биліктен Назарбаев отбасының кетуіне алып келген еді.

Exit mobile version