11-05-24 |
10500 рет қаралған
«Жанболаттай ұлтқа тірек, елге керек азаматтарды қолдамай тыныш отыруға тағы болмайды».
«Жанболаттай ұлтқа тірек, елге керек азаматтарды қолдамай тыныш отыруға тағы болмайды»

9 мамыр – екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталу мерекесі кезінде совет одағының туын көліктеріне желбірете іліп, көшеде кетіп бара жатқан көлікті тоқтатып, Қазақстанда мемлекеттік тудан өзге туды алып жүруге болмайтынын айтып, көлікті туларды алып, көлік иелерін эмоция жетегінде балағаттаған Алматы тұрғыны Жанболат Шайзаданы сот 5 тәулікке қамау алу туралы қаулы шығарды. Бұл мәселеге қатысты мәжіліс депутаты Абзал Құспан үн қатты.

«Жанболат Шайзаданы ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік сотпен 5 тәулікке қамалғанын жазылды. Ұсақ бұзақылық, ол қолданыстағы әкімшілік кодекстің 434 бабы, диспозициясы “қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу”-деп басталады.
Яғни, әкімшілік іс құрамы шығуы үшін қоғамдық орында боғауыз сөз айтса жеткілікті. Сондықтан сот актісін қате, заңсыз деп айта алмаймын. Бірақ, Жанболаттай ұлтқа тірек, елге керек азаматтарды қолдамай тыныш отыруға тағы болмайды.
Сонда не істемек керек?
Меніңше, қолданыстағы әкімшілік кодекске бөтен, басқа елдің мемлекеттік символикасын қоғамдық орындарда рұқсатсыз пайдаланғаны үшін бөлек жауапкершілік қарастыру керек. Сонда біз осындай провокациялық әрекеттердің алдын алған болар едік. Әйтпесе, СССР-дің туын желбіретіп жүргендердің әрекеті заңды, ал оған тосқауыл қоямыз деушілердің әрекеті заңсыз болуы әділеттілік қағидатына қайшы.
Сондықтан, ол тосқауылды жекелеген белсенді азаматтар емес, бірінші кезекте мемлекет өзі қойып, мемлекет қаупсіздігін өзі қорғауы тиіс.
Қазір Парламент Мәжілісінде Үнзила Шапақтың төрағалығымен әкімшілік кодекс қаралуда, мен өз тарапымнан бірқатар ұсыныстар дайындап қойған едім, ол енді мына жағдайға байланысты толықтырылатын болады.
Осы бағытта басқа да қосарыңыз болса жазып кетіңіз, әрқайсымыз әр тараптан осындай кем-кетіктерімізді түзей берейік.
Ал Жанболатқа жан-жақты көмегімізді аямайық, бес күн қапас ер-азамат үшін не тәйірі, күні-ертең шығады, есесіне заңнамадағы осындай олқылықтарды біздің көзімізге ойып тұрып, көрсетуге сеп болды.
Сөз соңы. Бұл күрес! Әділдік үшін күрес! Жанболат бүгінгі заман, көпшілік, әлгілер болса өткен, келмеске кеткен заманды аңсаушы, азшылық. Ал азшылық, ерте ме, кеш пе, көпшілікке бағынатын болады!», – деп жазады Абзал Құспан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.