Біз
әлеуметтік
желіде
09-04-25 |
730 рет қаралған
Жаңа Салық кодексіне «Сән-салтанат салығы» қосылады.
Жаңа Салық кодексіне «Сән-салтанат салығы» қосылады

Жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстанда «сән-салтанат салығы» пайда болады. Оны қымбат жылжымайтын мүлік, көлік, теңіз кемелері мен ұшақтардың иелері, сондай-ақ қымбат алкогольдік сусындар мен сигаралардың иелері төлейді.   

«Біз тауарлардың жекелеген санаттарына «сән-салтанат салығы» деп аталатын жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 млн теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады.  Сондай-ақ құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл авто көліктерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда», — деді Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.  

Сондай-ақ әділдік үшін қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылады.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.