21-07-18 |
18730 рет қаралған
Жапон спортшысы Денис Тенге би арнады.
Жапон спортшысы Денис Тенге би арнады

Денис Тенді әлемдік мәнерлеп сырғанау спорты талантты, әрі мінезді  спортшы деп қана емес, өте білімді, парасатты, мәдениетті, адал адам ретінде де танитындығы бұдан бұрын да талай айтылған. Денистің адамдық қасиеттерін бағалайтын спорт әлемінде достары өте көп. Олар да қазақ спортшысының қазасына қабырғалары қайыса қайғырып жатқандарын әлеуметтік желі арқылы жеткізген. Спорт әлемінің жүлдыздары Денистің ата-анасы мен еліне көңіл айтып, Денис Тенмен бірге түскен суреттерін инстаграм парақшаларына жариялап жатыр.

Мәнерлеп сырғанаудан 2018 жылдың оллимпиада чемпиондары АҚШ-тық Мая Шибутани мен Алекс Шибутани Денис Теннің жақын достарынының бірі болған. Мая Шибутани Денис мені өзгерткен адам деп еске алады: «Арманшыл және тудырушы. Денис Тенге қатысты болған оқиғаға құлазып қалдым. Мейірімді, талантты, белсенді, ойшыл, шығармашыл, жайдары, парасатты, алысты ойлайтын… Ол көп адамды өзгертті, соның ішінде мен де бармын. Оның отбасына шын жүректен көңіл айтамын».

Алекс Шибутани: «Әлем жарық жұлдыздарының бірін жоғалтты. Досым, бауырым, Денис… Сені қатты сағындым. Сені өмірімде кездестіргеніме алғысым шексіз. Менің өмірімде сенің болғаныңа рақмет. Күндердің бір күнінде екеуіміз тағы да кездесеміз деп үміттенем».

Әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемионы франциялық Браян Жубьер «Бақұл бол!» деп инстаграм парақшасына Дениспен бірге түскен суретін жарияласа, Әлемнің екі дүркін чемионы, төрт континент чемионы, Жапонияның үш дүркін жеңімпазы Мики Андо Дениске би арнап, инстаграм парақшасына жариялапты. Ол: «Бұл Дениске арналады… Менің қолымнан келетіні тек осы ғана… Өзі фигурист, өзі досым, оны ешқашан ұмытпаймын… Сен әрқашан біздің жүрегімізде өмір сүретін боласың… Сені сағындым, әрі жақсы көрем… жасаған істеріңнің бәрі үшін саған рақмет және бізге ашылған жүрегің, құштарлығың, күрескерлігің мен жымиғаның… Мен шынымен де жолым болғышпын, себебі өмірімде сен сияқты адам болды. Бақұл бол…»

View this post on Instagram

This is for Denis… This is the only things I could do… As a skater, as a friend, to not forget him… You will live in our heart forever… Miss you and love you… And thank you for everything what you done and showed us your passion, heart, fight, smile… I am really lucky to had you in my life. Rest In Peace… スケーターとしてできること…これしかない…デニスへ想いをのせて… 同じ空の下… ありがとう… デニスに出会えた事は本当に幸せです! 安らかに… #youwillliveinourheartforever #denis #denisten #skater #loveyou #missyou #thankyou #restinpeace #デニス #デニステン @tenis_den @denisten_official

A post shared by Miki Ando⛸安藤美姫 (@miki_m_ando0403) on

 

«Бұл қайғылы жағдайға сене алар емеспін,» -дейді Жапонияның әйгілі фигуристі Шома Уно: «Біз ұзақ уақыт бірдей байқауларға қатысып жүретін едік. Біз бір-бірімізді жақсы танитынбыз. Бірақ енді жарыс ләззатын бөлісе алмайтынымызды түсіндім… Сене алар емеспін… Ол өте сыпайы, ақкөңіл, өз елі үшін қолынан келгеннің барлығын жасайтын еді. Неге ғана бұлай болды? Өте өкінішті… Енді оның шығармашылығын көре алмаймын ба? Мен оны ұлы мәнерлеп сырғанаушы ретінде ешқашан ұмытпаймын. Жатқан жерің жайлы болсын, Денис Тен…»

Дениспен қоштасып жатқан мәнерлеп сырғанаушылар қазақ спортшысының сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болғандығын айтысып жатыр. Олар Дениспен соңғы кездесудерінде не туралы әңгімелескендерін, Денистің бойындағы жақсы қасиеттерін тізбектеп айтып, әсіресе өз елін қатты жақсы көрген ұлтшыл азамат ретінде еске алады.

Еске салсақ, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен үстіміздегі жылдың 19 шілдесінде көлік тонаушы ұрылардың қолынан қаза тапты.

Балжан Жеңісқызы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.