arasha.kz

Жас буыннан үміт көп

Алдыңғы буын өкілдерінің жаңа буыннан күтер үміті де, қояр талабы да әрдайым жоғары. Сол себепті оларға қатысты айтылатын сын барлық уақытта аз болмаған. Тасқа қашалған мыңдаған жыл бұрынғы «Жастар бұзылып бара жатыр» деген сарындағы сөз соның нақты дәледі. Сондықтан да өз халқының болашағына алаңдап, мемлекетінің ғұмыры баянды болуын аңсаған елдер жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге тырысқан. Бұл игі дәстүрден біздің ата-бабаларымыз да шет қалмаған. Ғасырдан ғасырға жалғасқан кейбір ырым-сенім мен тиымдардың құпиясы тіпті әлі күнге дейін толық ашылып болған жоқ. «Тал бесіктен – жер бесікке» дейін созылған бұл материалдық және рухани мұра баға жетпес ең құнды байлық ретінде қоғамнан өз бағасын алуда. Сондықтан ендігі мәселені жастар саясатының ақпараттық сүйемелдеу жайында өрбімек. Өйткені болмақ.

Бұл бағыттағы жұмыстар тәуелсіздік дәуірінде ғана жасалған жоқ. Оның негізі кеңестік дәуірде қаланып, одақ шаңырағы шайқала бастаған тұста заман өзгерісіне сай, дамып, жаңғырып отырды. Мәселен, 1990 жылы Н.Назарбаев республика Президенті болып сайланғаннан кейін 1991 жылы 16 қаңтарда «А.С.Ақбаевты Қазақ КСР Жастар істері, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» №229 Жарлығына, ал 28 маусымда «Қазақ КСР-дегі мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға қол қойды. Сондай-ақ 31 тамызда «Қазақ КСР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетін құру туралы» №415 және И.Н.Тасмағамбетовті комитет төрағасы қызметіне тағайындау туралы №416 Жарлықтарына қол қойды.

Ал 15 қарашада Алматы қаласы мен Алматы облысының сайлаушыларымен кездесуде сөйлеген сөзінде: «жастар саясатын жүзеге асыруға байланысты басқадай проблемалар туып отыр. Бүгінде біз жас ұрпақ мәселесін мүлдем жаңаша ой-елегінен өткізіп, шешуге тиіспіз. Нақ жастардан мен біздің өмірімізді түпкілікті қайта құрудағы күрделі жұмыста арқа сүйеуге болатын өз жақтаушыларым мен одақтастарымды көретінімді айтуға тиіспін. Жаңа идеяларды түсіну және қабылдау, жаңарған қоғам құрушылары болу, өз тағдыры мен республика болашағын өз қолдарына алу жастардың ісі емес пе? Әрине мен нарық экономикасына көшудегі өтпелі кезеңнің қиыншылықтары, егер жастардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі имімді шаралар қолданбаса, оларға ауыр соққы болып тиетінін айқын ұғынамын.

Бұл шаралар жастар кәсіпкерлігінің өсуіне мүмкіндік туғызып, оныңжақсы жұмыс істеп және көп еңбекақы табуыға нитетін көтеруі тиіс. Біз қазірдің өзінде алғашқы 20 адамды іріктеп, АҚШ-та оқуға жібердік. Бұл бағдарламаны біз бұдан әрі де кеңейтпекпіз. Ендігі кезекте – Оңтүстік Корея мен Түркияға топтар жіберу тұр. Келесі жылдан бастап біз жастарды республика қаржысына шетелге жіберетін боламыз. Бұл үшін арнайы Президент қоры құрылды» деді. Сондай-ақ 1992 жылы 16 мамырда «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының страегиясын» жариялаған кезде әлеуметтік стратегияның мазмұнын түйіндеген сөзінде: жас ұрпаққа нарықшыл сана-сезімді қалыптастыру есебінен қоғамдағы қазыналық бағдарды өзгертуді де ерекше атап өтті.

Одан кейін 17 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Жастар ісі, туризм және спорт министрлігін құру туралы» №1460 және Б.С. Әйтімованы министр қызметіне тағайындау туралы»№1462 Жарлықтарына қол қойды. Мұның өзі жастарды билікке, бизнеске тартуға серпін беріп, елдегі қоғамдық құрылысты нарық талабына сай қайта құруға бағытталған реформалардың кедергісіз жүруіне жол ашты. Алайда 1996 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының Өкімімен әзірленген «Жастар туралы» заң жобасы, 1997 жылдың бірінші тоқсанында Парламенттің қарауына шығарылғанымен оның талқылануы тым ұзаққа созылып, тек 2004 жылы 7 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылданды. Оған дейін 1998 жылдың сәуірінде «Қазақстанның болашағы үшін» республикалық жастар қозғалысы кеңесі мен Ақпарат, мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің жастар саясаты бөлімі әзірлеген ҚР Жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы жарияланған болатын.

Сол кездегі мемлекет басшсының 1999 жылғы 28 тамыздағы өкімімен «ҚР Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы» мақұлданды. Кейіннен 2001 жылдан бастап «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» іске асырылды. Ал 2013 жылдың ақпан айында «2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы» мақұлданды. Сондай-ақ 2015 жылдың ақпан айында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа заң қабылданды. Сондай-ақ Президент 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялады. Ал 2019 жылғы Жолдауында 2020 жылды – Еріктілер жылы деп жариялады. Соңғы жылдардағы оң үрдіске сай жастарды жан-жақты қолдау мақсатында «Сайлау туралы заңға» біршама өзгерістер жасалып, «NurOtan»-ның партияішілік праймеризі арқылы жаңа есімдердің, жаңа саяси тұлғалардың пайда болуына берілген мүмкіндік мен мерзімінен бұрын өткелі отырған алдағы Парламент Мәжілісі мен Мәслихат сайлауы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру үшін қоғамның қозғаушы күшіне зор сенім ғана емес, ауыр жүкті де арқалатқалы отыр. Не бел, не белбеу кететін осы сыннан сүрінбей өтсе, 25-30 жастағы жастардың Үкімет құрамында көбейіп, биліктің барлық сатысында өзінің жастық жігері мен қайратын танытуына жол ашуы мүмкін.

Руслан Мәлікұлы

Exit mobile version