arasha.kz

Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру

Қазақстан Руспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 23 – 27 қыркүйек аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Қарағанды облысына іс-сапарға барды.
Аталған іс-сапардың мақсаты Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.


Аталған іс-шараға: Мейірбеков Данияр Еркінұлы – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, магистр, Смадьяров Бахтияр Серікұлы – Ақмола облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» дінтанушысы, Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы – «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің бас сарапшысы, Канаев Даурен Шегениязович – «Нұрлы Білім» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Түсіндіру тобының мүшелері Қарағанды облысы аумағында мектеп, колледж, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, мансап орталығы және әскери қызметкерлер базасында болды. Олар жастар арасында «Интернет желісіндегі күмәнді сайтардың қаупін түсіндіру», «Рухани келісім – қоғамның басты құндылығы» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жұмыссыз жастар, жас кәсіпкерлер, жас мұғалімдер, әскери қызметкерлер, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, спортшылар мен жаттықтырушылар, колледж студенттері және т.б. топтар қамтылды.

Exit mobile version