18-11-24 |
5270 рет қаралған
Жастарға діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері түсіндірілді.
Жастарға діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 қазан аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Павлодар облысына іс-сапарға барды.

Аталған іс-сапардың мақсаты Жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу.

Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Асанбаева Зайда Өмірбекқызы – Павлодар облысы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» бөлім басшысы, Смадьяров Бахтияр Серікұлы – Ақмола облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» дінтанушы, Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы – «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры, т.ғ.к., психолог, Өмірханов Мақсат Ерланұлы – директор Центра исследований религиозных вопросов Абайской области.

Түсіндіру тобының мүшелері Павлодар облысы аумағында мектеп, жастар орталығы, зауыт, ЖОО мен колледждер және әскер базасында болды. Олар жастар арасында «Жастар арасында рухани құндылықты түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Діни сауаттылық – адаспаудың айғағы», «Рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті насихаттау» және «Зайырлылық және оның діни бірлестіктермен қарым қатынасының негізгі принцптері» т.б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында белсенді жастар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, ЖОО мен колледж студенттері және т.б. топтар қамтылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.