arasha.kz

Жаза басқандар қолдаусыз қалмайды

Бүгінде кез келген зайырлы елде заңнан аттап, жаза басқандардың ішінде, әсіресе, ауыр емес қылмыс жасағандар үшін қолданылатын жазаның балама түрлеріне барынша көңіл бөлінуде. Бұл ретте біздің елімізде де құқықтық реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік рефолюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауында азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіріп, жалғастыру қажеттігі нақты атап көрсетілген.

Қазіргі кезде Қазақстандағы құқықтық жүйенің гуманизациялануының бір көрінісі рентінде  пробациялық бақылау қызметін айрықша атап өтуге болады. Елімізде пробация қызметтің заңдық-құқықтық негіздері қалыптасып, оның қоғам өміріндегіоңтайлы нәтижелері айқын көрініс тауып келе жатқандығын атап өтуіміз керек. Бұл – мемлекетіміздің абайсызда қылмысқа ұрынып, жаза басқан азаматтарға деген деген қамқорлығы, олардың түзелу жолына түсіп қазақстандық қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенімі болып табылады деп білуіміз керек. Соның ішінде қоғамдық және түзету жұмыстары, белгілі лауазымдар немесе белгілі қызметпен айналысуға тыйым салу,  кішкентай балалары бар әйелдерге жаза мерзімін шегеру, шартты  соттау тағайындау, асырауындағы кішкентай балаларын жалғыз тәрбиелеп жүрген ер адамдар үшін шартты түрде бас бостандығын шектеу сияқты ізгілендірілген жаза қолдану шаралары елімізде жаңа қабылданып жатқан заңдар негізінде іске асуда.

Пробация қызметі  – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі. Пробацияның мақсаты – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеу, сотталған адамды әлеуметке қосу, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен босатылған адамды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады. Пробацияның міндеттері – пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың заңмен айқындалған түрлерін орындау, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асыру, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысу.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам: Ұлт жоспары»  бағдарламасының 33-қадамы  азаматтарды бас бостандығынан  айыру  жерлерінен босап келген және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға қатысты әлеуметтік түрде ақтау шаралары анықталған. Бағдарламаны іске асыру үшін «Пробация Үйі» жобасы  жасалынған. «Пробация үйі» жобасының  мағынасы пробация қызметінің есебінде  тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету «бір терезе» ретінде, яғни құжаттану кезінде көмек көрсету, жұмысқа орналастыру және медициналық, психологиялық, заңдық  көмек көрсету.

«Пробация үйі» жобасының мақсаты босап келген тұлғаларды әлеуметтік ақтау,тұрмыстық жағдайын жақсарту және қайта қылмыс жасауға апаратын  жағдайларды азайту. Бұл жоба  жергілікті  «Халықты жұмыспен қамыту орталығы» мамандарымен және пробациялық бақылау жүргізетін инспекторлардың бірлесіп іске асырылуда. «Пробация үйі» жобасы  есепте тұрған сотталғандар мен  бас бостандығын айыру  жерінен босап келген тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы өмірдегі өз жолын табуға, түзелуге көмектесіп, өз шешімін тауып келеді.

Н.БАЙДАШЕВА

Exit mobile version