18-09-18 |
9830 рет қаралған
Жедел жәрдем көлігі жүргізушісін сабаған түрік азаматы екені анықталды (видео).
Жедел жәрдем көлігі жүргізушісін сабаған түрік азаматы екені анықталды (видео)

Әлеуметтік желіде сырқат адамдарды алып бара жатқан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қол жұмсап, төбелескен адамның бейнжазбасы таралды.

Видеода автобустар жүретін арнайы жолақта жедел жәрдем көлігінің алдына Volkswagen маркалы KZ 718 OEA 02 мемлекеттік нөмірлі жеңіл машина тоқтап, ішінен бір жігіт шығып, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін есікті ашқан бойда қылғындырып, ұра бастайды. Әрі қарай екеуінің төбелескені байқалады. Жедел жәрдем көлігіндегі дәрігер түсіп, көлікте сырқат адамдар отырғанын да видео түсірген. Сәлден соң Volkswagen маркалы KZ 718 OEA 02 мемлекеттік нөмірлі жеңіл машинаға мінген жігіт ызғытып кетіп қалғаны видеодан анық көрінеді.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов базбұзарға тез арада шара қолдануды сұраған көрінеді. Іле шала полиция 1990 жылы туған Түркия азаматын ұстағанын хабарлады. Түрік азаматына қатысты Алматы қаласы, Алмалы ауданы ІІБ тергеу бөлімі қылмыстық кодекстің 1 бөлімінің 293 бабы (бұзақылық) іс қозғаған.

Бұған дейін де жедел жәрдем көлігіне жол бермеген оқиғалар болып, ондай жүргізушілерге шара қолданғаны мәлім.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.