26-06-24 |
2040 рет қаралған
Жемқорлардан өндірілген ақшаға биыл 25 мектеп салынады.
Жемқорлардан өндірілген ақшаға биыл 25 мектеп салынады

Биыл Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген ақшаға тағы 25 мектеп салынады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Үкімет апаттық және үш ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін бірнеше көзден мектеп салу жұмысын қолға алған.

«Оның біріншісі өздеріңіз білетін «Жайлы мектеп» атты ұлттық жоба. Оның аясында 369 мектеп салынғалы отыр. Екіншісі жемқорлық қылмыстар аясында тәркіленіп, қайтарылған қаражат есебінен өткен жылы 36 мектеп салынса, биыл тағы 25 мектеп салынбақ.  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және жергілікті бюджеттен былтыр 7 мектеп пайдалануға берілсе, биылғы меже тағы 6 мектеп салу болып отыр», – деді Дүйсенова мәжілістің жалпы отырысында.

Белсенділік танытып келе жатқан қосымша бір бағыт – бизнес инвестиция. Өткен жылы 56 жекеменшік білім ошағы іске қосылды. Жалпы мұндай жекеменшік мектептердің саны бүгінде 667-ге жеткен. Онда 250 мыңнан аса бала тәлім алады.

«Жалпы мектеп салу үшін барлық көзден бөлінген қаражаттың екі жылдық сомасы 2,4 трлн теңгені құрап отыр. Сондай-ақ биыл 270 мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі», – деді вице-премьер.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.