arasha.kz

Жеңіс күніне орай Астанада отшашу болады

Астанада жеңіс күніне орай отшашу болмақ. Бұл туралы қала әкімшілігі хабарлады.

«Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады.

Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың. Айта кетейік, сондай-ақ қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылған» делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Астанада көптеген мерекелік іс-шаралар өтуде. Жеңіс күніне орай Қазақстанның әр жерінде түрлі шаралар ұйымдастырылған.

Exit mobile version