arasha.kz

Жетібайдың жұмыссыз тұрғындары West Oil компаниясында босаған орындарға жұмысқа қабылдауды талап етуде

Әлеуметтік желіде Қарақия ауданының бірқатар жұмыссыз тұрғыны аудан басшылығына жолдаған үндеуі жарияланды.

Олар аудандағы өндірістік мекемелерге және West Oil компаниясында босаған орындарға жұмысқа қабылдауды талап ететіндіктерін жеткізді.

Айта кетсек, кеше West Oil компаниясының басшылары жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 млн теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген болатын. Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды. Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтты.

https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/02/whatsapp-video-2024-02-21-at-19.26.37-1.mp4
Exit mobile version