arasha.kz

Жетісу тұрғыны әр баласын 1 млн теңгеден сатқан

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифингте Жетісу өңірінде полицейлер екі баласын 2 миллион теңгеге сатқан әйелді ұстағанын айтты.

ІІМ ресми өкілінің айтуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ауқымды «Stop traffic» операциясын жүргізген. Оның аясында республика бойынша адам саудасына қатысты 30 қылмыс анықталды. Оның үшеуі кәмелетке толмағандарды сатуға қатысты. Жетісу өңірінде бір дерек тіркелген: әйел өз балаларын сатумен айналысқан.

Жетісу облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бала сатқаны үшін 23 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Әйелдің 2022 және 2023 жылы туған екі баласын делдалдар арқылы сатып жібергені анықталды. Бірінші факті 2022 жылдың қазанында, екінші факті – 2023 жылдың тамызында орын алған. Екі жағдайда да мәміле сомасы – 1 млн теңге болған. Аталған фактілер Қылмыстық кодекстің 135-бабы – «кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша тіркелген – дейді Шұғыла Тұрлыбек.

Arasha.kz

ФОТО: ozgeris.info

Exit mobile version