30-09-20 |
3760 рет қаралған
Жол саласына қатысты жаңа бастама.
Жол саласына қатысты жаңа бастама

Автомобиль жолдары саласында білікті маман жетіспеушілігі – өткір мәселе. Сондықтан «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны былтырдан бері оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізе бастады, оның барысында жол жөндеуші мамандығы туралы, осы кәсіптің артықшылықтары мен келешегі туралы жас түлектерге жан-жақты ақпарат беріледі.

Былтыр құрылған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК жол саласына қатысты проблемаларды зерделеп, оларды шешу бағыттарын айқындады.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Бас директоры Замир Сағыновтың айтуынша, кәзіргідей ақпараттық технологиялар мен жаппай цифрландыру заманында жастарға жүктелер жауапкершілік те зор. Сондықтан, жастарымыз бағындыратын жаңа технологиялар жолдың сапасын жақсартуға, оның жағдайын бақылауға, өзгерістерді көруге, трафик ағынын басқаруға, сонымен қатар талдау жасауға мүмкіндік бермек.

Замир Сағынов
Замир Сағынов

Осылайша, мейлінше білім ордаларын көп қамту мақсатымен «1000 мектеп» акциясы қолға алынды. Бұдан басқа, Орталық болашақ автожол саласы мамандарын дайындайтын, еліміздің колледждерімен және ЖОО-лармен белсенді жұмыс жүргізуде.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары осы аралықта 715 мектепте, 12 ЖОО-да, 17 колледжде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізген. Бұл бағыттағы шараларды үздіксіз жүргізу үшін ZOOM және Instagram тұғырнамасында, онлайн-негізде бұл шаралар тоқтаусыз өткізіліп жүр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.