ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықына арналған кезекті Жолдауында қоғамның еңбекке деген көзқарасын өзгерту керек екенін айтты. Жолдау барысында Мемлекет басшысы індет кезінде белсенді қызмет атқарған әртүрлі сала мамандарына, оның ішінде еріктілерге қиын сәтте аянбай еткені үшін алғыс білдірді. Президент жас буынды еңбекке баулып, белсенділікке, қоғамдық істерге жұмылдыруда мақсатында 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын.
«Қазақстан Волонтерлері лигасының» төрайымы Айсұлу Ерниязова (суретте) Мемлекет басшысының «Волонтер жылы» деп жариялау жөніндегі бастамасына орай «Ашық жүрек» жаңа жобасы басталғанын хабарлады. Сондай-ақ жыл соңына дейін волонтерлер қатарын 3 есе ұлғайту көзделгенін айтты.
Айсұлу Ерниязова Президент Жолдауында айтылған еңбек құндылығы жайында өз пікірін білдірді.
«Президент өз Жолдауында еңбек құндылығы туралы айтты. Волонтерлік еңбек – осының айқын дәлелі. Біз «беделді» және «беделсіз» деп бөлмейміз. Қасым-Жомарт Кемелұлы осы жайлы айтты. Жастар оңай ақша табу жолына түседі, тез ақша табуды қалайды. Бірақ қазір мұндай уақыт емес. Қазір өскелең ұрпаққа іргелі білім, құндылықтар мен тәжірибе беретін уақыт. Мені таң қалдыратын өте маңызды бір нәрсе, мен Президентпен толық келісемін, бұл «жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» тізбегі. Біздің түсінігіміздегі жауапты адам – патриот. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «патриот – ол волонтер». Себебі волонтер өзін ғана емес, айналасындағыларды, елін ойлайды. Зиянын тигізбейді, көмектеседі. Жауапкершілікті мемлекетпен бөліседі және оны басқаға жүктемейді», – дейді Айсұлу Ерниязова.
Айсұлу Ерниязованың пікірінше, еліміздегі волонтерлік қозғалыс мемлекет тарапынана үлкен қолдауға ие. Мемлекет пен Үкіметтік емес сектор тарапынан көрсетілетін қолдау негізгі міндеттерді іске асыруға және қолда бар өңірілк ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді.
«Ашық жүрек» жобасы Азаматтық бастамалар орталығының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен осы тәжірибені бүкіл елге таратып, оны кеңейтуге жол ашады. Біз әр өңірде өз саласында жұмыс істейтін, өңірімізді көркейтетін, мұқтаж жандарға, нақты учаскелерде көмек көрсететін пікірлес топтардың құрылғанын қалаймыз», – дейді А.Ерниязова.
Волонтерлер лигасының төрайымы осы жылдың еріктілер үшін маңызы жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ қандай жағдай болса да, еріктілердің жұмысы тоқтамайтынын, Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске аруда белсенділік танытанын айтты.
«Пікірлес еріктілер тобы бұдан әрі де өз жұмысын жалғастырады. Сондықтан «Ашық жүрек» сияқты жобалар жауапкершілікті өз мойнына алатын жігерлі жастарды, көшбасшыларды, патриоттарды қолдайтын болады. Біз Жолдауды жүзеге асыруға сөзбен ғана емес, іспен де кірісіп кеттік», – деп атап өтті Қазақстан Волонтерлер лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024