Біз
әлеуметтік
желіде
25-06-25 |
190 рет қаралған
Жұманғарин 200 млрд теңге салық төлемеген АХҚО компаниясы жайлы айтты.
Жұманғарин 200 млрд теңге салық төлемеген АХҚО компаниясы жайлы айтты

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәселе заңдағы олқылықты пайдаланған компанияға қатысты екенін түсіндірді.

Офисін АХҚО-ға көшірген бір компания 200 млрд теңге салық төлемеген. Алайда, вице-премьер және Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, компания ешқандай заң бұзбаған.

«Компания ештеңе бұзған жоқ. Сол себепті мен оның атауын атамаймын – бұл оның беделіне әсер етеді. Заң бұған мүмкіндік берді. Кеше біз дәл осындай олқылықтарды жою қажеттігін талқыладық», – деді Жұманғарин.

Бұған дейін Сенаттағы брифингте журналистер осы компания туралы сұрақ қойған соң, Серік Жұманғарин микрофонды сөндіріп, журналистермен сөйлесуден бас тартып, залдан шығып кеткен. Тілшілер сұрақ қоюға тырысқанымен, ол еш жауап бермей, Сенат ғимаратын тастап кеткен.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.