Заң қабылданғаннан кейін жүргізуші куәлігі жоқ және оны алмай тұрып көлік құралын басқарған, оның ішінде алкоголь немесе есірткі қолданған мас күйінде жауапкершілікке тартылған тұлғалар 7 жылға дейін емтихан тапсыруға жіберілмейді. Бұл туралы Мәжілістің бүгінгі отырысында айтылды.
Қазіргі таңда олар әкімшілік жазаны өтеп, емтиханды оңай тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады. Осыған ұқсас айыптар бойынша жауапқа тартылған жүргізушілер 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.