Ақпан айының басында журналисттің тариф бойынша сұрағы ұнамай қалып «жыныма тимеңдерші» деп айтқан ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин 9-сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.
«С. Жұманғарин берген өтініміне сәйкес лауазымынан босатылды» делінген хабарламада. Ал Серік Жұманғариннің орнына ұлттық экономика министрі болып Жаслан Мәдиев тағайындалған.
Қайыра айтсақ, Жұманғариннің «жынымды келтірмеңдерші» деген сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, кейін ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі Жұманғариннің «Мен журналистерге айтқан сөзім үшін қатты өкінемін. Менің журналистерге айтқан сөзімнің дұрыс емес екенін мойындаймын. Сол себепті ресми түрде журналистерден кешірім сұраймын. Сондай-ақ мен сол кезде айтқанымдай журналистердің барлық сұрақтарына жауап беруге дайынмын» деп жазылған кешірім сөзін таратқан еді.