Тарифтер туралы сұрақ қойған журналистке ««Жынымды келтірмеңізші! Бұл бөтен мероприятие ғой. Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер мында. Мероприятие про малый и средний бизнес, а вы пришли про тарифы спрашивать здесь. Приходите ко мне официально я вам про тарифы все расскажу от и до. Жынымды келтірмеңізші б…» деп жауап қатқан ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин кешірім сұрады. Кешірімді вице-министр өзі емес, министрліктің баспасөз қызметі арқылы айтуды жөн көріпті. Сөйтіп, ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева фейсбуктағы парақшасына: «Мен журналистерге қарата қатты айтқан сөзіме өкініш білдіремін. Иә, менің сөзім өрескелдеу болды. Сол себепті, журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сұхбат беру мәселесіне келсек, ол жайлы ескерткенімдей, журналистерді қызықтырған сауалдарға жауап беруге дайынмын»- деп атап өтті вице-министр» деп Жұманғариннің сәлемін жеткізіпті.
Бұған дейін вице-министрдің журналист сауалына «жынымды келтірмеші» деп айтқан сөзі бар видео желіде таралып, сайтымызда жарық көрген еді.
Ұлттық экономика вице-министрі журналистке: «жынымды келтірмеші б…»
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
28.11.2024
-
27.11.2024
-
27.11.2024