Көкшетауда жыныс мүшесінің суретін желіге салған жігіт тергеуге алынды.
Көкшетауда жыныс мүшесінің суретін желіге салған жігіт тергеуге алынды

Көкшетауда 24 жастағы жігіт өзінің интимдік фотоларын әлеуметтік желіге жариялаумен айналысып келген.

Полиция қылмыстық кодекстің 311-бабы «порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Ақмола облысының полиция департаменті интернетте порнографиялық фотолардың таралуын болдырмау үшін Anti-fraud жедел алдын алу шараларын өткізген.

«10 ақпанда «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында Көкшетау аумағында порнографиялық сипаттағы фотосуреттерді жарнамалаумен және таратумен айналысатын парақша ашылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер өз кінәсін мойындаған 24 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ол өзінің жеке интимдік фотосуреттерін орналастырған және осылайша қыздардың назарын аударғысы келген», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.