Көлікті бақылау саласында жемқорлық деректері анықталды.
Көлікті бақылау саласында жемқорлық деректері анықталды

Антикор көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтағандарын мәлімдеді.

Көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ашты.

Талдау нәтижелері бойынша Көлік комитетінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 100-ден астам ұсынымдар әзірленді.

Агенттіктің Превенция қызметінің басшысы Мұрат Ахметов өз сөзінде көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлыққа жоғары бейімділік байқалатынын, іс жүзінде барлық бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғанын атап өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk