05-11-20 | 17:10
Көлікті күнелтуге мәжбүр болған отбасы.
Көлікті күнелтуге мәжбүр болған отбасы

Көкшетаулық Қадыровтар отбасы төрт айдан бері көлікті паналап отыр. Достарының арбауына түсіп, баспанасын банк тартып алған әке жарымжан ұлымен өлместің күйін кешіп жүр. Ал қиындыққа шыдамаған келіншегі күйеуі мен баласын тастап кетіпті. Бұл жайында Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
«Досым көмекті жылап тұрып сұраған соң сендім. Алдамаймын, уәде беремін деп көндірді. Оған үлкен сома қажет болды. Қолымда мұндай қаражат әрине болмады. Сөйтіп, үйіңді кепілге қойып, банктен несие алайық деді. Мейлі деп, оған да көндім. Алайда рұқсатымды алғаны сол еді, қажетті құжаттарды иемденіп алған соң, үйімді өзінің туысқанының атына аударып, ізім-ғайым жоғалып кетті», – дейді қала тұрғыны Эсхажи Қадыров.
Осыдан 15 жыл бұрын баспананы кепілге қойып алған несиенің бірде-бір тиыны төленбепті. Ал, тұрған үйін банк тартып алған отбасы әуелі орманды паналап, кейін күн суытқасын, көлікте тұрып жатыр. Эсхажи Қадыровтың тапқан-таянғаны баласының дәрісінен, күнделікті азығынан артылмайды. Ол әділдік іздеп Ішкі істер министріне, тіпті Президентке дейін хат жазған. Ал, алаяқ достары дәл осындай қылмысы үшін Алматыда қамауға алыныпты. Қыс қарсаңында үйсіз қалған әке енді не істерін білмей отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.