Корей компаниясы Қазақстанда АЭС салу бойынша тендрге қатысты, нәтижесі қыркүйекте белгілі болады.
Корей компаниясы Қазақстанда АЭС салу бойынша тендрге қатысты, нәтижесі қыркүйекте белгілі болады

Оңтүстік Кореяның Korea Hydro & Nuclear Power (KHNP) мемлекеттік корпорациясы 29 мамырда Қазақстанда АЭС салу бойынша тендерге өтініш берді, енді нәтижесі қыркүйек айында шығады. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, аталған компания Қазақстанда екі реактордың салынуына қатысты тендерге қатыспақ.

Тендер жеңімпазы АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Жапония және Оңтүстік Корея компаниялары арасынан таңдалады. Біз бұған дейін Ресей Қазақстанда АЭС салуға дәмелі екенін айтқан болатынбыз.

Корейлік агенттіктің жазуынша, KHNP қазірдің өзінде БАӘ, Сауд Арабиясы және Чехия мемлекеттерінде жобаларын іске асырып жатыр және әлемдік нарықты көбірек иеленуді көздейді.

2003 жылы Қазақстан Кореяға  сары кек жеткізуде негізгі тасымалдаушылардың бірі болған. Ол уран концентратының ұнтағы іспеттес, ядролық реакторға уран отынын даярлауда қолданылады.

Сәуір айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ-ин саммит барысында атом энергетикасына қатысты идеяларымен бөліскен еді.

Ал Оңтүстік Корея президентінің өзі Кореяда көмір және атом энергиясынан бас тарту саясатымен биллікке келген болатын. Бұл ел өз жеріндегі атомэлектро станцияларын біртіндеп жауып жатыр.

Ал Қазақстанда АЭС салуға байланысты үлкен дау бұрыннан жалғасып келеді. Халық арасында атомэлектро станциясын салуды қолдайтындарымен қатар, қарсылары да көп.

Бірақ бұған дейін Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев Алматы облысынан АЭС салуға жер қарастырылып қойылғанын айтқан болатын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болса сәуір айында Семейге барған сапарында елде АЭС салуға байланысты халықтың пікіріне құлақ аспай ешқандай шешім қабылданбайтынын айтқан болатын.

“Халықтың көпшілігінің пікірімен санаспай АЭС салуға байланысты шешім қабылданбайды. Бұл ерекше маңызға ие сұрақ, бұл мәселе барлық халыққа қатысты, және олардың пікірі назарға алынады. Халықтың пікірінен ғана шешім қабылдаймыз”, – деген болатын мемлекет басшысы.

Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев  “болжам бойынша, 2030 жылдары Қазақстанда атом электр станциясы болмаса, электр қуатының тапшылығы туады” -деген еді. Қазақстанда АЭС салу.

Сондай-ақ оқыңыз: “Айдос Сарым: АЭС-тың қазаққа қажеті жоқ”

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.