15-06-19 | 20:37
Кореядағы қазақтар: Жалған сайлауға қарсымыз (видео).
Кореядағы қазақтар: Жалған сайлауға қарсымыз (видео)

15 маусымда Сеул орталығындағы қала әкімдігі маңында 25-30 шақты адам Қазақстандағы наразылық кезінде ұсталғандарды қолдап, акция өткізді, деп хабарлайды Азаттық.

“Белсенділер – қылмыскерлер емес”, “Әділ сайлау”, “Ұрма, атпа”, “Оян” деген жазуы бар плакат ұстаған азаматтар “Шындықты талап етеміз” деп ұрандатты. Акцияны ұйымдастырған жастардың бірі Азаттыққа шараға жастар да, ересектер де қатысқанын айтты. Аты-жөнін атаудан бас тартқан студенттің айтуынша, акция таңертеңгі сағат 10-да басталып, түскі 12.30-ға дейін жалғасқан. Акцияны өткізуге полиция рұқсат берген.

– Акцияның мақсаты – жақында бейбіт шеруге шығып, гимн айтып, полицияға түскен азаматтарды қолдау, Қазақстанда таңдау еркіндігі жоқ, сөз бостандығы жоқ деп өз пікірін айтқан азаматтарға қолдау көрсету. Полиция оларды ұстап, 5-15 күнге қамап тастады. Тіпті оған қатыспағандарды да қамады. Не себепті Кореяда өткізіп жатырмыз? Себебі мұнда сөз бостандығы, демократия бар, бізді мұнда ешкім қамамайды. Корея полициясы керісінше акция кезінде бізді қорғады. Осындағы тәртіпті бақылап тұрды. Бүкіл әлемдегі қазақтар осылайша шығып, пікірлерін айтса жақсы болар еді, – деді акцияға қатысушылардың бірі Азаттық тілшісіне.

Шараны ұйымдастырушылар әуел баста акцияны елшілік алдында өткізбек болған. Бірақ оған қатысатын адамдар саны көбейгендіктен және елшілік орналасқан көше тар болғандықтан қала орталығында өткізуді ұйғарған.

Дереккөз: Азаттық

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.