05-02-20 | 10:01
Коронавирус бір күнде 3887 адамға жұғып, 65 адам қайтыс болды.
Коронавирус бір күнде 3887 адамға жұғып, 65 адам қайтыс болды

Қытайда коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болған адамдардың саны өсіп жатыр.

Синьхуа агенттігі Қытайдың денсаулық сақтау ісі бойынша мемлекеттік комитетінің деректеріне сілтеме жасай отырып, коронавирус 490 адам  қайтыс болып, вирус 24 мың 324 адамға жұққанын хабарлайды. Бұл – 4 ақпан, сейсенбінің соңына таман жиналған дерек екен. Ал 5 ақпандағы жағдай бойынша, вирустан 65 адам көз жұмып, 3887 адам вирусты жұқтырған. 4 ақпанда вирус тағы 3971 адамға жұққаны анықталған. Және 431 адамның халі ауыр болса, 232 адам жазылып, ауруханадан шығарылған.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы үкімет жан-жақты шаралар қабылдап, Қытаймен арадағы әуе және жол қатынастарын тоқтатты. Сондай-ақ, Ухань қаласындағы оқып жатқан қазақ студенттері елге жетіп, олар арнайы емдеу орнына оқшауланып, тексеруге алынды.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.