17-03-20 | 13:30
Коронавирус: Халық банк дәрігерлерге 100 миллион теңге бөлді.
Коронавирус: Халық банк дәрігерлерге 100 миллион теңге бөлді

Халық банкі коронавируспен тікелей күресіп жатқан елдегі медициналық қызметкерлерді қаржылай қолдау үшін 100 миллион теңге көлемінде қаражат бөлетіні жайлы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады

Банк аталған қаражатты бөліп қойған. Банк хабарламасында: “Банк Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауда тәуілік бойы, демалыссыз жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлерінің жанкешті еңбектерінің маңыздылығын ескере отырып, қаржылық көмек беруді жөн көріп отыр” делінген.

Банк сондай-ақ халықты және компанияларды осы бастамаға үлес қосып, дәрігерлерге қол ұшын созуға шақырған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk