Коронавирус: табыттар қоқыс болып шашылып жатыр.
Коронавирус: табыттар қоқыс болып шашылып жатыр

фото: t.me/jexenews

Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Қараөткел ауылындағы (Ақмола облысы, Целиноград ауданы) зиратта табыттар қоқыс болып шашылып жатыр. Бұл туралы блогер Аида Жексен telegram каналында жазба жариялады.

Блогердің айтуынша, табыттардың суретін Қараөткел тұрғындары наразы болып жолдаған.

фото: t.me/jexenews
фото: t.me/jexenews

Коронавирус инфекциясы өршіп, соның кесірінен Қазақстанда көз жұмғандар саны күрт артты. Әр аймақтан инфекциядан қайтыс болғандарды жерлеу де күрт өсіп, мәйтіханалар алдында жақын-туыстарының мәйітін алуға ұзын кезек пайда болғаны туралы хабарлар тарауда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk