31-01-20 | 09:38
Коронавирус: Қытайдан келетін қазақ студенттерін қайда апарады?.
Коронавирус: Қытайдан келетін қазақ студенттерін қайда апарады?

Коронавирустың ошағы Қытайдың Ухань қаласында оқып жатқан қазақ студенттерін елге әкелуге арнайы ұшақ даярланған. Олар елге келісімен бір апта карантинде болады. Студенттерді оқшаулап, алдын ала дайындалған ауруханаға жатқызады. Бұл туралы вице-премьер Бердібек Сапарбаев айтты.

“Елге келгісі келетін студенттерге ұшақ даярладық. Ең бастысы Қытай тарапымен келіссек болды. Өйткені екі ел арасында халықаралық келісімдер бар. Біз сол келісімдер аясында жұмыс істеуге міндеттіміз. Әуежайда оларға [студенттерге] дәрігерлерден өзге ешкім жақындамайды. Арнайы автобуспен алдын ала дайындалған медицина орталығына жеткізіледі”, – деді Сапарбаев.

Сондай-ақ вице-премьер үкімет резервінен коронавирус күреске 1,5 миллиард теңге бөлінгенін де хабарлады. Бұл ақша медициналық маскаға және басқа қажетті дәрі-дәрмекке жұмсалмақ. Сапарбаевтың сөзінше, елде коронавирусқа шалдыққан жағдай бола қалған жағдайда онымен күресуге қаражат та мүмкіндік те бар. 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.