21-03-20 | 13:24
Коронавирус жұқтыған адам Талдықорғанда емес, Алматы облысы Қарасай ауданында анықталған.
Коронавирус жұқтыған адам Талдықорғанда емес, Алматы облысы Қарасай ауданында анықталған

Денсаулық сақтау министрлігі 21 наурыздағы коронавирус туралы жағдайды баяндаған мәліметінде Талдықорғанда 1 адам вирус жұқтырған деген еді. Кейінірек ол адамның Алматы облысы, Қарасай ауданында екені айтылды.

БАҚ та тараған ақпаратқа қарағанда, ол 1986 жылы туған ер адам Ыстамбұл- Бішкек бағытымен ұшып келіп, Қырғыз астанасы Бішкектен 18 наурызда көлікпен Алматы облысы Қарасай ауданына келген. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk