Қазақстанда 8,5 мың медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясын жұқтырып ауырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
– Елде КВИ-мен ауырған медицина қызметкерлерінің саны 8518 құрайды. Ал пневмониямен қанша адам ауырғаны туралы мәлімет жоқ. Бірақ егер медицина қызметкерлері коронавируспен күресте пневмониясымен ауырып, төлемге үмітті болса, онда қолдаймыз. Олардың медициналық құжаттары жергілікті атқарушы органдар дәрежесінде комиссияға жіберіледі, – деді вице-министр.