29-04-21 |
2790 рет қаралған
Нұр-Сұлтанда жағдай тұрақталмай тұр.
Нұр-Сұлтанда жағдай тұрақталмай тұр

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қатысты ахуал тұрақсыз. Дәрігерлер ауырып жатса да, карантин режимін сақтамай сыртқа шығып кетінін халық жағдайына алаңдады.

«Коронавирустық инфекциясы бойынша жағдай тұрақтамауының басты себебі – тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы, атап айтқанда, адамдар көп шоғырланған орындарға бару, бетперде тақпауы және амбулаториялық емделушілердің карантиндік режимді сақтамауы», – деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы әкімідігі Қазақстандағы вакцинация пунктері 24:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлады

«Бүгін үкімет отырысында осы пункттердің жұмысын сағат 24:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», – деді Бақтияр Мәкен.
Оған қоса, Бақтияр Мәкен Нұр-Сұлтанда вакцина салу пунктерінің саны артатынын жеткізді. 

«Қала медициналық ұйымдарда егу пункттерінің санын 50-ден 100-ге дейін көбейтті», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.