15-04-20 |
1490 рет қаралған
Алматыда 218 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған.
Алматыда 218 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

15 сәуірде Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 370 расталған жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 бала мен үш жүкті әйел. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

14 сәуірден бастап 24 жаңа жағдай тіркелген.

Жалпы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жұқтырылған медқызметкерлердің саны – 182. Ауруханада барлық емделушілердің саны – 215. КВИ-ға талдау алынды. 18 пациенттің оң нәтижесі анықталды.

КВИ бар медицина қызметкерлерінің жалпы саны 218 адамды құрайды. Оның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 182 қызметкері, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 30 қызметкері, жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясының 2 қызметкері, № 1 Қалалық клиникалық аурухананың 1 қызметкері және № 11, 32, 12 қалалық емханаларының бір қызметкерден.

Орталық қалалық аурухана дезинфекциялық өңдеу жұмыстарына жабылды.

15 сәуірде Алматыда КВИ ауруының 370 расталған жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 бала және 3 жүкті әйел.

Қаланың стационарларында КВИ-дан емделуде Алматы облысының пациентті есепке ала отырып, 311 адам емделуде. Жағдайлары – қанағаттанарлық. Қайтыс болғандар саны – 2. Жазылып шыққандар саны – 58.

253 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Үшеуінің жағдайы ауыр, 55 ересек адамның жағдайы орташа.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.