Республика бойынша коронавирус жұқтырған адамдар саны 263 943 адамға жетті. 3 171 науқас қайтыс болды
Қазақстанда өткен тәулікте 2 440 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 446,
- Алматы қаласы – 717,
- Шымкент қаласы – 72,
- Ақмола облысы – 101,
- Ақтөбе облысы – 116,
- Алматы облысы – 254,
- Атырау облысы – 149,
- Шығыс Қазақстан облысы – 49,
- Жамбыл облысы – 38,
- Батыс Қазақстан облысы – 110,
- Қарағанды облысы – 169,
- Қостанай облысы – 33,
- Қызылорда облысы – 43,
- Маңғыстау облысы – 33,
- Павлодар облысы – 38,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 49,
- Түркістан облысы – 23.
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған адамдар саны 263 943 адамға жетті. 229 538 пациент жазылып шығып, 3 171 науқас қайтыс болды.