3 сәуір күні таңертең Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 91 жағдайы тіркелген. 68 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы — ауыр, 11 ересек адамның жағдайы орташа ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 81 науқас емделуде. Олардың бірі — Алматы облысының тұрғыны. Бүгінгі күні инфекциялық стационардан екі адам жазылып шықты. Екеуі — әйел, біреуі — 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Египеттен келген. Барлық айыққандар саны — 13, оның ішінде екеуі — бала.
Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде тұр, оның ішінде 79-ы балалар.
Екі күндік карантинде 446 адам, үй шаруашылығында — 4411 адам орналастырылған.