arasha.kz

Алматыда коронавирус инфекциясының 20 ошағы бар

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегінше, қала аумағында коронавирус инфекциясының 20 ошағы бар. Олар:

Әуезов ауданында — 2 жұқтыру ошағы: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр – 4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы: Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9- де орналасқан.

Алмалы ауданы бойынша 3 ошақ. Яғни Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7-де орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62-де.

Жетісу ауданында — 2 ошақ бар. Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.

Түрксіб ауданында 5 ошақ тіркелген. Алтай-1, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская к-сі, 63; Жұлдыз-2 ықшамауданы, 45.

Бостандық ауданында — 1 ошақ Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекен-жайында.

Кіреберістерге күшейтілген дезинфекциялық режим енгізілді, басқа үйлердің тұрғындарының қозғалысы мен кіруіне шектеу қойылды. Карантин режимі мерзім аяқталғаннан кейін алынып тасталады.

Ал бұған дейін Зенкова 59 мекен-жайында қойылған шектеу 27 наурыз сағ 00:00 алынбақ.

Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестері мен және т. б. адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мұндағы мақсат — әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда.

Exit mobile version