
Алматыда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды. Қазіргі дерек бойынша инфекциядан көз жұмғандардың саны 20 болды.
Ал Алматыда қайтыс болған адам туралы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мәліметінде:
«Науқас 1964 жылы туған. Одан коронавирус 17 сәуірде анықталған. Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония. 22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ-ге ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды. Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады» делінген.
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025