Алматылықтар арасында індет жұқтырғандар саны азаймай тұр. Күніге 600-ден аса тұрғынның қауіпті індетті жұқтырғаны расталады.
Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 081 жағдай тіркелді.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында — 338,
- Алматы қаласында — 651,
- Шымкент қаласында – 102,
- Ақмола облысында – 170,
- Ақтөбе облысында — 224,
- Алматы облысында — 252,
- Атырау облысында — 98,
- Шығыс Қазақстан облысында — 114,
- Жамбыл облысында — 71,
- Батыс Қазақстан облысында -103,
- Қарағанды облысында — 392,
- Қостанай облысында — 140,
- Қызылорда облысында — 64,
- Маңғыстау облысында — 40,
- Павлодар облысында — 198,
- Солтүстік Қазақстан облысында — 72,
- Түркістан облысында — 52
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 854 742 жетті.