Алматыда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды. Инфекциядан қаза болғандардың саны 10 адам болды. Ал коронавирус анықталғандар саны 808 адамға жетті.
⠀
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді, Алматы қаласында — 1 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Атырау облысында — 2 адам, Қызылорда облысында — 1 адам, Түркістан облысында — 1 адам.
⠀
Қазіргі жағдайда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 226 адам, Алматы қаласында – 123 адам, Қарағанды облысында — 61 адам, Ақмола облысында — 61 адам, Атырау облысы — 47 адам, Жамбыл облысында — 45 адам, Шымкент қаласында — 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 6 адам, Алматы облысында — 10 адам, Ақтөбе облысында — 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам, Павлодар облысында — 4 адам, Маңғыстау облысында — 9 адам, Қызылорда облысында — 105 адам, Батыс Қазақстан облысында — 6 адам, Түркістан облысында — 35 адам, Қостанай облысында — 3 адам, жалпы 808 науқас тіркелді.