arasha.kz

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында індет жұқтырғандар көбейді

Елімізде өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

Алматы қаласында бір тәулікте індет жұқтырғандар саны 600-ден түспей тұр. Өткен тәулікте Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында індет жұқтырғандар саны екі есеге артқан. Ал Нұр-Сұлтан қаласында инфекция жұқтырғандар азайған.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы – 436

Алматы қаласы – 665

Шымкент қаласы – 114

Ақмола облысы – 98

Ақтөбе облысы – 206

Алматы облысы – 251

Атырау облысы – 110

Шығыс Қазақстан облысы – 85

Жамбыл облысы – 46

Батыс Қазақстан облысы – 205

Қарағанды облысы – 220

Қостанай облысы – 30

Қызылорда облысы – 35

Маңғыстау облысы – 80

Павлодар облысы – 50

Солтүстік Қазақстан облысы – 35

Түркістан облысы – 53.

Ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 289 720-ға жетті.

Exit mobile version