24-12-20 |
5340 рет қаралған
Бекшин Аяз Ата мен Ақшақарға тиым салды – қаулы.
Бекшин Аяз Ата мен Ақшақарға тиым салды – қаулы

Көрнекі сурет: inform.kz

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Covid-19 таралуының алдын алу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы 26 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Құжатта балабақшаларда қосымша кезекші топтар мен қала мектептерінің қосымша 1-5 сынып кезекшілерінің ашылуын тоқтату туралы айтылған.

Ал қоғамдық тамақтану орындарының, оның ішінде сауда орталықтарында жеке орналасқан объектілердің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады. Сондай-ақ, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ге дейін Сауда орталықтарының, сауда ойын-сауық орындарының, сауда желілері және т.б. жұмысына рұқсат етілген.

Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, мерекелік, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде адамдар көп жиналатын үйде (10 адамнан астам) ғимарат ішінде және ашық ауада өткізуге тыйым салу сақталады.

«25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйымдар мен мекемелерде жаңа жылдық іс – шараларды өткізуге, сондай – ақ аниматорларды (Жаңа жылдық кейіпкерлер-Аяз Ата, Ақшақар және басқалар) үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салынсын», – делінген Алматы санитарлық дәрігерінің қаулысында.

Бұдан басқа, тыйым салынған қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін үй-жайларды жалға беруге тыйым салынады.

23 желтоқсанда Алматы cavid-19 таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Бір тәулік ішінде қалада коронавирус жұқтырудың 88 жағдайы анықталды, бұл елдің барлық өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.