arasha.kz

Бекшин маскасыз жүретіндерге қанша айыппұл салынатын айтты

фото: Асқар Ахметуллин/kursiv.kz/

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада маска тақпай жүретін азаматтарға және маскасыз азаматтарды кіргізгені үшін кәсіпкерлік ұйымдарға қанша айыппұл салынатыны жайлы айтты.

«Егер азамат карантин ережесін бұзып, соның ішінде маскасыз жүргені анықталса айыппұл көлемі 5 АЕК (13 890 теңге) болады. Кез келген обьектінің жауапты қызметкері адамды ғимаратқа маскасыз өткізсе онда 15 АЕК (41 670 теңге) айыппұл төлейді. Егер ол шағын кәсіпкерлік нысаны болса айыппұл көлемі 100 АЕК (277 800 теңге) болады. Орта кәсіпкерлік нысаны болса 200 АЕК (555 600 теңге) ал егер ірі кәсіпкерлік обьектісіне адамды маскасыз ғимаратқа жібергені үшін ғана 500 АЕК (1 389 000 теңге) айыппұл салынады» деді Жандарбек Бекшин.

Қайыра айтсақ, Алматы қаласында карантин режимі әлі күшінде. Қалаға іргелес орналасқан Алматы облысына қарасты ауыл-ауданнан қалаға кіріп-шығу шектелген. Кіру тек арнайы рұқсатпен жүзеге асырылады.

Қала мен облыс шекараларындағы блок бекеттерде күнде ұзын сонар көлік тізбегі пайда болады. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов аталған мәселенің реттелетін айтты. Десе де ол: «Егер блок бекетттерді ашсақ, онда қала мен облыс аралығында бақылауға келмейтін қозғалыс пайда болады.  Және инфекцияда бақылаудан шығып кетеді. Қазіргі жағдайда біз мұндайға жол бере алмаймыз» деді.

Exit mobile version