Коронавирус жұқтырған және одан қайтыс болғандарға байланысты жағжай соңғы аптада тұрақталып келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында айтты.
«Соңғы аптада COVID-19 жұқтырып, ауырған және қайтыс болғандарға байланысты жағдай тұрақталып келеді. Тәулігіне 1500-1600 адам жұқтырып жатыр. Осы айдың үш аптасында төсек орын қоры 30-34 мыңнан 47-49 мың инфекциялық және провизорлық орындарға дейін көбейді. Төсек орын қоры 19 003-ке артты, оның ішінде қосымша 5 003 инфекциялық төсек орын дайындалды. Бұл науқастарға медициналық көмек көрсетуді қолжетімді етті», – деді министр Цой.
Сонымен қатар Алексей Цой ауыруханаларда жатын орын да босай бастағанын айтып отыр.
«Провизорлық стационарлардағы төсек орындарының 20 % босады. Реанимациялық төсек орындарының 67 % бос емес. Карантин енгізбегенге дейін бұл көрсеткіш 91 % болған. Осылайша, қазір коронавирус жұқтырған және пневмониямен түскен науқастарды емдеу үшін стационар төсек орындар жеткілікті», – деді денсаулық сақтау министрі.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024