Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қыркүйекте коронавирус жұқтырғандардың орташа саны тәулігіне 6300 адамға, қазан айында 2 400 адамға дейін жетеді.
«Реалистік сценарий кезінде қыркүйекте 5300 адамға дейін, қазан айында 1800 адамға дейін тіркеледі. Ал оптимистік сценарий орындалса, қыркүйекте аурушаңдық тәулігіне 4200 жағдайға дейін, ал қазанда 1300-ге дейін азаяды», – деді Цой үкімет отырысында.
Министр соңғы екі аптада коронавируспен ауыру көрсеткіші 10%-ке төмендегенін атап өтті.
Айтуынша, індетке шалдыққандардың дені – вакцина алмағандар. Науқастардың арасында екпе алғандар саны небәрі 2%-ті құрап отыр.
Сондай-ақ, Цой коронавирустан Қазақстанның әлемдік рейтингтегі көрсеткіші туралы айтты.
«Әлемдік рейтингте бір миллион халыққа ауру жұқтыру және өлім жағдайы көрсеткіші бойынша Қазақстан 222 елдің ішінде 101 орында тұр», – деді министр.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024