03-07-21 |
1640 рет қаралған
ДДҰ «дельта» штамын пандемияның қауіпті кезеңі екенін ескертті.
ДДҰ «дельта» штамын пандемияның қауіпті кезеңі екенін ескертті

«Дельта» штамына байланысты әлем коронавирус пандемиясының қауіпті кезеңінде тұр, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Ол штамм кем дегенде 98 елде анықталғанын айтты. Гебрейесус инфекция түрлері әлі де мутацияға ұшырап жатқанын атап өтті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды. 

Ұйым директорының айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі коронавирустың жаңа мутациясын үнемі бақылап, мутациясына бейімделуі қажет. Инфекцияға тест жасап, ерте анықтаудың маңыздылығына тоқталды. Вирус жұқтырғандарды оқшаулау, емдеу, маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, ғимарат ауасын тазартып отыру әлі де індеттен қорғанудың тиімді жолы.

Гебрейесус әлемдік қоғамдастықты бір-біріне вакцина, өкпені жасанды желдету аппараты, дәрі-дәрмекпен көмектесуге шақырды.

«Бұл COVID-19 пандемиясының қарқынын бәсеңдетудің ең жақсы тәсілі. Сондай-ақ, коронавирустың жаңа қауіпті түрлерінің алдын алуға жағдай жасайды», – деді ол.

Қазіргі уақытта «үнді» штамы Қазақстанның барлық өңірінде табылды. Ол өзге штаммдарға қарағанда тез жұғады, инкубациялық кезеңі қысқа, 7 күнге дейін созылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.