Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індет жұқтырғандар саны бір тәулікте 500-ден асты.
ДСМ ұсынған мәліметке сәйкес, өткен тәулікте 1873 адамнан коронавирус анықталған.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 512
Алматы қаласы – 515
Шымкент қаласы – 51
Ақмола облысы – 48
Ақтөбе облысы – 86
Алматы облысы – 220
Атырау облысы – 75
Шығыс Қазақстан облысы – 34
Жамбыл облысы – 26
Батыс Қазақстан облысы – 98
Қарағанды облысы – 95
Қостанай облысы – 37
Қызылорда облысы – 15
Маңғыстау облысы – 19
Павлодар облысы – 17
Солтүстік Қазақстан облысы – 17