Президент кеңесшісі, саясаттанушы Ерлан Қарин төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия Астана мен Алматыда карантинді күшейткен соң инфекцияның таралуы азайғанын жазды.
«Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына енгізілген карантинді күшейту шаралары қалай десекте өз нәтижесін берді. Мемкомиссия 28 наурызда екі карантинді күшейткен соң, коронавирустың таралуы баяулаған» дейді Қарин.