Нұр-Сұлтан қаласындағы түрлі дүкендердегі сатушылар арасынан күнде коронавирус жұқтырғандар анықталады. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.
«Өткен екі-үш күнде 358 нысан тексерілді. Оның ішінде 85 нысан талаптарды сақтамағаны анықталды. Азық-түлік сататын орындар және өзге де нысандар талаптарды сақтамай отыр. Сатушыларда маска, қолғап, қорғаныс заттары, антисептик жоқ. Нан өнімдерін сақтау талаптары орындалмаған. Сондай-ақ тіс емдеу, сән салондарында да талапты ескермей отыр. Нұр-Сұлтан қаласындағы түрлі дүкендердегі сатушылар арасынан күнде коронавирус жұқтырғандар анықталуда» деді Есмағамбетова.
19 мамырда 218 адам коронавирус жұқтырды. Өсім 3,2% болған. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 6969, емделіп шыққандар – 3598, кайтыс болғандар – 35.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024