arasha.kz

Бекшин коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны бірге алуға кеңес берді

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы вакцина мен грипптің вакцинасын да қатар алу қажеттігін айтты. 

«Біз тұмауға қарсы вакциналауды үнемі өткіземіз. Қазір коронавирусқа қарсы да вакциналау жүргізіліп жатыр. Екі вакцина арасында 2-4 апта интервал сақталуға тиіс. Демек егер адам коронавирусқа қарсы вакцина алған болса, тұмауға қарсы екпені тек екі аптадан астам уақыттан кейін салғызуына болады. Әрине өзін жақсы сезінсе, еш жері ауырмаса,» –  деді Бекшин.

Оның айтуынша, екі вакцинаны да алудың пайдасы зор болмақ.

«Бір мезетте коронавируспен де, тұмаумен де сырқаттанып қалған жағдайда ағзаға ауырлық түседі. Оны екінің бірі жеңе алмайды, әсіресе жасы 65-тен асқан созылмалы аурулары бар адамдарға ауыр тиюі мүмкін. Сондықтан екі екпені де алған дұрыс», – деді ол.

Exit mobile version