29-06-20 |
2330 рет қаралған
Коронавируспен күресте міндеттерін шала орындаған әкімдер президенттен сөгіс алды.
Коронавируспен күресте міндеттерін шала орындаған әкімдер президенттен сөгіс алды

Коронавируспен күресте міндеттерін шала орындаған әкімдер президенттен сөгіс алды деп хабарлайды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметік желідегі парақшасы арқылы.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевке ескерту жасады.

Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті. Аталған мәселе барлық облыстың басшыларына да қатысты екенін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.