8 маусымда 165 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. 241 адам емделіп шыққан. Өсім 1,3% болған. Сондай-ақ коронавирустан 3 адам көз жұмды. Олар: Павлодар облысы — 1957 жылы туған ер, Атырау облысы — 1948 жылы туған әйел,
Қарағанды облысы — 1963 жылы туған ер адам.» Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады» деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 12859, емделіп шыққандар — 7376, қайтыс болғандар — 56.
⠀
Ал аймақтар бойынша 7 маусымдағы жағдай төмендегідей:
Алматы қаласы — 32 (1,1%)
Нұр-Сұлтан қаласы — 24 (1,0%)
Қарағанды облысы — 18 (1,6%)
Алматы облысы — 15 (3,5%)
Шымкент қаласы — 14 (1,5%)
Батыс Қазақстан облысы — 13 (1,6%)
Атырау облысы — 11 (0,9%)
Павлодар облысы — 11 (4,3%)
Жамбыл облысы — 7 (1,7%)
Шығыс Қазақстан облысы — 5 (2,7%)
Түркістан облысы — 5 (1,3%)
Қызылорда облысы — 4 (0,9%)
Маңғыстау облысы — 3 (0,9%)
Қостанай облысы — 2 (1,0%)
Ақмола облысы — 1 (0,6%)
⠀